Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінде кадрлық ауыс-түйіс жасады, деп хабарлайды Todayinfo.

Ақорда мәліметінше, Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Советбекұлы Ботақанов Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

«— Президент өкімімен Аңсаған Скендерұлы Балтабеков Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды, – делінген ақпаратта.»

Бұған қоса, Бақытбек Төлешұлы Рахымбердиев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.