Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық кеңесінің бірінші сессиясында сөз сөйледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы Халық кеңесінің төрағасы лауазымына Қошановтың кандидатурасын ұсынды.

Айта кетері, Халық кеңесі жоғары консультативтік орган саналады. Оған Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың функциялары берілді, сондай-ақ ол заң жобаларына бастамашылық ету құқығына ие.

Бұған дейін 126 адамнан тұратын Халық кеңесінің құрамы бекітілді. Тізімде бұрынғы мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов болмаған еді.