Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Грузия мен Малайзиядағы елшілерін тағайындады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысының жарлығымен Мәлік Мырзалин Қазақстан Республикасының Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ол ҚР Грузиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.

Ал Қазақстан Республикасының Грузиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына Талғат Адуов тағайындалды.

Болат Сүгірбаев Қазақстан Республикасының Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.