Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым, машина жасау саласын дамыту, атқарушылық іс жүргізу және жол қозғалысы мәселелеріне қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізетін бірқатар заңдарға қол қойды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қол қойылған заңдардың негізгі бағыттары:
- 01"Ғылым, ғылымды қажет ететін аумақтар, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
- 02"Машина жасауды дамыту және көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
- 03"Атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
- 04"Цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
Бұл заңдар елдің ғылыми-техникалық дамуына, өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған.
