Қазақстан Еуропа елдеріне заңсыз шығарылған мүлікті іздеу мен тәркілеу мүмкіндіктерін кеңейтеді. Тиісті заңға президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының «Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Еуропалық конвенцияны ратификациялау туралы» Заңына қол қойды», — делінген Ақорда хабарламасында.

Құжат нені реттейді

Құжат қылмыстарды тергеу үшін қажетті дәлелдемелерді жинау, куәларды жауапқа тарту және басқа да іс-әрекеттер кезінде елдердің ынтымақтастығын реттейді.

Бұған дейін «Курсив» 23 қыркүйекте Құрылтай конвенцияны ратификациялау туралы заңды мақұлдағанын жазған болатын. Оған қосылу Қазақстанға басқа елдерден қылмыстық істер бойынша дәлелдемелер алуға, мүлікті іздеу мен тәркілеуге, сондай-ақ шетелге заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға мүмкіндік береді.

Конвенцияға қосылу жолы

Қазақстан конвенцияға қосылуға 2001 жылдан бері ұмтылып келеді. 2025 жылдың маусымында Еуропа Кеңесінің Министрлер комитеті республиканы оған қатысушы болуға ресми түрде шақырды. Конвенция Қазақстан үшін қосылу туралы құжат Еуропа Кеңесінің Бас хатшысына тапсырылғаннан кейін 90 күннен соң күшіне енеді.