Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Еуропа конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақорданың хабарламасында: «Мемлекет басшысы "Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Еуропа конвенциясын ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — деп жазылған.
Құжаттың маңызы
Құжатқа қосылу Қазақстанға қылмыстық істер бойынша шетелден дәлелдемелер алуға және заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, механизм трансұлттық қылмыстарды тергеуді жеңілдетеді.
Бұған дейін Президент жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты рақымшылық туралы заңға қол қойған болатын.
