Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңес президенті Антониу Коштамен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Тараптар қазақ-еуропа стратегиялық серіктестігінің даму қарқынына көңіл толатынын атап өтіп, мемлекет басшысының маусым айында Брюссельге жасаған сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға айрықша назар аударды.