Фото: gov.kz
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.
««Мемлекет басшысының өкімімен Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.»
—
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.