Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения премьер-министрі Никол Пашинянның шақыруымен Ереванға барды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл ақпаратты Ақорда таратты. Мемлекет басшысы Армения астанасында өтетін COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитіне қатысады.
Әуежайда Қасым-Жомарт Тоқаевты Армения үкіметінің ресми тұлғалары қарсы алды.
