Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен 28-30 қазан күндері Түркия Республикасына ресми сапармен барады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы Тоқаевтың баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жазды.

Анкарада мемлекеттер басшылары кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздер жүргізеді.

Сондай-ақ Қазақстан президенті Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысады.