Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды «Qoja Ahmet Yasaui» орденімен марапаттады, деп хабарлады Ақорда. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Президент Эмомали Рахмонның Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сан қырлы байланыстарды тереңдетуде айрықша рөл атқарғанына назар аударды.

«Сізді Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттау жөнінде шешім қабылдадым. Бұл жоғары награда – Қазақстан халқының Сізге және бауырлас тәжік еліне көрсеткен шынайы құрметінің белгісі. Осы рәсім елдеріміздің мызғымас достығының тағы бір жарқын нышанына айналады деп сенемін», – деді Қазақстан президенті.

Тәжікстан президенті Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік наградасын тапсырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.