Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давостағы Конгресс орталығына келді, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.

Санаулы сәттерден кейін мұнда АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсімі өтеді.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсіміне қатысу үшін Давос қаласына жұмыс сапарымен келетінін хабарлаған болатынбыз.