Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссельге ресми сапармен келді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан президентінің келуіне орай Бельгия астанасының әуежайында Құрмет қарауылы ротасы сап түзді. Президентті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаевты Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдуардс Стипрайс пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Мемлекет басшысы ертең Еуропалық кеңестің штаб-пәтерінде Еуропа Одағының басшылары Антониу Коштамен және Урсула фон дер Ляйенмен екіжақты келіссөздер жүргізеді. Сапар аясында бірқатар маңызды бірлескен құжатқа қол қойылады.
