Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес президенті Антониу Коштаның шақыруымен 22-23 маусым күндері Брюссельге ресми сапармен барады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сапар бағдарламасына сәйкес, Тоқаев Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен және Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен келіссөздер жүргізеді. Тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылайды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Бельгия премьер-министрі Барт де Вевермен кездеседі. Сапар аясында Тоқаев ірі еуропалық компаниялар жетекшілерінің қатысуымен өтетін «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелінде сөз сөйлеп, бірқатар кездесулер өткізеді.