Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Нью-Дели қаласына барды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан президентін Үндістан үкіметінің ресми тұлғалары қарсы алды.

Сапар аясында Тоқаев "аутрич"/"БРИКС+" форматындағы пленарлық отырыста сөз сөйлейді, сондай-ақ бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.

Бұған дейін хабарланғандай, Тоқаев 12-13 қыркүйек күндері Үндістанға жұмыс сапарымен барады.