Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильданы ресми қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәртебелі меймандардың құрметіне Әскери әуе күштерінің тікұшақтары Қазақстан мен Бельгияның мемлекеттік туларын желбіретіп, Ақорда алдынан ұшып өтті.

Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Сапар аясында Ақордада ресми қарсы алу рәсімі ұйымдастырылды.