Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильданы Алматы әуежайынан шығарып салды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильданың Қазақстанға ресми сапары осымен аяқталды. Оларды Алматы әуежайында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шығарып салды.