Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта басты назарда болатын мәселені атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Президент бүгінгі жолдауда толыққанды әлеуметтік инфрақұрылым халықтың тұрмыс сапасын көтерудің маңызды шарты екенін ерекше айтты.

«Сондықтан басты назарды инфрақұрылым құру ісіне аударамыз. Бұған дейін де айттым, Қазақстан ауқымды құрылыс алаңына айналуға тиіс. Мәселе жекелеген жобаларға қатысты болып отырған жоқ. Жалпы, барлық аймақта жаппай құрылысты бастап, жандандыру қажет», — деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, бірінші кезекте жан-жақты зерттеу және талдау жүргізіп, облыстардың денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт нысандарына деген қажеттілігін егжей-тегжей анықтау қажет. Осы жұмысты тез арада толығымен бітіру керек.