Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауқатты адамдар үшін салықтың жоғары мөлшерлемесін енгізуді ұсынды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгінгі Жолдау кезінде президент салық салудың әділдігіне ерекше тоқталды.
«Ірі мал-мүлкі бар адамдар үшін салықтың жоғары мөлшерлемесін енгізу мәселесін қарастыратын уақыт келді деп ойлаймын. Осыны ерекше атап өткім келеді», — деді Тоқаев.
Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, әрбір адам ел дамуына жағдайына сай үлес қосуы қажет. «Әділдік деген сол», — деп атап өтті ол.
Сонымен қатар президент бұл мәселені Үкімет пен Құрылтай зерделеп, ұсыныс әзірлеуі керектігін айтты.
«Салық салудың әділдігі ашықтықтық талап етеді. Демек, жаппай цифровизация қажет», — деп атап көрсетті Тоқаев.
Сондай-ақ Жолдау барысында Тоқаев ең төменгі жалақы мөлшерін 110 мың теңгеге дейін ұлғайтуды тапсырды.
