Саят Исанов Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақорданың мәліметінше, Мемлекет басшысы тиісті өкімге қол қойды.
Бұған дейін осы қызметті атқарған Айдос Мырзахметов 27 қыркүйекте қорғаныс министрі болып тағайындалған болатын.
