Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффтты қабылдап, екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Qazaqyia ақпарат агенттігі.
Президент екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты одан әрі нығайтуға, сондай-ақ жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді сапалы іске асыруға назар аударды.
Өз кезегінде елші Джули Стаффт АҚШ президенті Дональд Трамптың ризашылығы мен ізгі тілегін жеткізді. Ол Вашингтонның Қазақстанмен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жан-жақты дамытуға дайын екенін растады.
Америкалық дипломат елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға оң баға беріп, жаңа Конституция жобасы бойынша өтетін жалпыхалықтық референдумға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар тараптар Бейбітшілік кеңесі аясындағы қарым-қатынас перспективасын қарастырды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл құрылымның маңызына ерекше тоқталды.
««Аталған құрылым тұрақтылықты нығайтуға, бейбітшілік пен халықаралық диалогты ілгерілетуге арналған тиімді алаңға айналуы қажет», – деді Мемлекет басшысы.»
—
Фото: Әлеуметтік желіден
