Ақорданың хабарлауынша, мемлекет басшысының 2024 жылғы 25 маусымдағы №153 өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы:

  • 01«Казахстанская правда» республикалық газетінің бас редакторы – Сәбит Ғалымұлы Малдыбаевқа;
  • 02«Turkistan» халықаралық газетінің бас редакторы – Бауыржан Бабажанұлы Өтеулиевке;
  • 03«Интерфакс-Қазақстан» ақпараттық агенттігі» ЖШС бас редакторы – Елена Андреевна Преображенскаяға;
  • 04«Astana aqshamy» республикалық қоғамдық-саяси газетінің шеф-редакторы – Төлен Зәрубайұлы Тілеубайға берілді;

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы гранты:

  • 01«Qazaqstan» ұлттық телеарнасы «Ақорда» бағдарламасының авторы-продюсері – Ақерке Бағдабекқызы Бектасқа;
  • 02«Хабар» агенттігі» АҚ арнайы тілшісі – Динара Киікбайқызы Жанбатыроваға;
  • 03«Jibek joly» телеарнасының тілшісі – Әнуар Әлиұлы Кәрібозовқа;
  • 04«Орал өңірі» газеті бас редакторының орынбасары – Гүлсезім Ерболатқызы Бияшеваға тапсырылды;

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы Алғысы:

  • 01«24KZ» телеарнасының шығармашылық ұжымына;
  • 02«Литер» республикалық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына;
  • 03«Baqkz» ақпараттық агенттігінің шығармашылық ұжымына;
  • 04«Ақтөбе» облыстық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына жарияланды.