Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) саммитіне қатысу үшін Әзербайжанға барды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы @AzeSputnik хабарлады.
АӨСШК құрамына Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қытай, Вьетнам, Оңтүстік Корея және Иранды қоса алғанда 28 мемлекет кіреді.
Саммит қорытындысы бойынша Лаосты АӨСШК құрамына қабылдау туралы шешім қабылдануы мүмкін.
