Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларымен бірге Анкарадағы «Бештепе» саябағындағы Түркі әлемі аллеясын ашты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақорданың мәліметінше, салтанатты шара барысында мемлекет басшылары Түркі әлемі аллеясына ағаш егу рәсіміне қатысты.
Аталған алаңда Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан елдерінің ұлттық павильондары орналасқан.
Шараға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшылары қатысқаны хабарланды.
