Тоқаев бүгінгі жолдауында президент өкілеттілігі жүріп тұрған уақыт аралығында партия құрамында болмауы керектігін айтты.
«– Мен өзімнің президенттің өкілеттігім кезеңінде партияға мүшелікті тоқтату міндетін заңнамалық түрде рәсімдеуді ұсынамын. Бұл норма саяси бәсекелестікті арттырады, барлық партиялардың дамуы үшін тең жағдайды қамтамасыз етеді, – деді Тоқаев.»
—
Сонымен қатар, әкімдер мен олардың орынбасарлары да партия құрамында болмайды.
«– Әкімдер мен олардың орынбасарларына партия филиалдары басшылығында болуға заң жүзінде тыйым салу керек. Мұндай шешімдер көпжақты партиялық жүйені қалыптастыруға мүмкіндік береді, – деді президент.»
—