Қазақстан президенті алты министрліктің басшыларын қайта тағайындады, деп хабарлады Ақорда. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен:
- 01Ерлан Ақкенженов энергетика министрі лауазымына;
- 02Ерсайын Нағаспаев өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына;
- 03Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі лауазымына;
- 04Арман Шаққалиев сауда және интеграция министрі лауазымына;
- 05Нұржан Нұржігітов су ресурстары және ирригация министрі лауазымына;
- 06Ақмарал Әлназарова денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды.
Алты ведомствоның басшылары үкіметтегі өз орындарын сақтап қалды. Бұған дейін президент Төтенше жағдайлар министрлігіне жаңа басшыны тағайындаған болатын. Тәкиев пен Сауранбаев үкіметтегі өз орындарын сақтап қалды.
