Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Балқаш» және «Мойынқұм» атом электр станцияларының құрылысы бойынша тапсырма берді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінгі жолдауында президент келесі жылы «Балқаш» атом электр станциясының құрылысын бастау қажеттігін ерекше атап өтті.

«Сондай-ақ, «Мойынқұм» атом электр станциясының құрылысын тездетіп бастау үшін кешенді ынтымақтастық туралы келісімді рәсімдеу керек», — деді Тоқаев.

Айта кетері, Ресей салатын бірінші АЭС-тың атауы — «Балқаш», ал екіншісі — «Мойынқұм». Екі АЭС та Балқаш көлінің жағалауында салынады.