Фото: Ақорда

Бүгін, 2026 жылдың 6 қаңтарында Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ақордадан хабарлады.

«Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы 2026 жылғы 06 қаңтардағы Жарлық: Цифрландыруды одан әрі дамыту және жасанды интеллектіні жаппай ендіру мақсатында:

  • 012026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялансын.
  • 02Қазақстан Республикасының Үкіметі Цифрландыру және жасанды интеллект жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
  • 03Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», — деп жазылған президенттің Жарлығында.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.