Фото: Коллаж: sn.kz

Белгілі қазақстандық режиссер Ақан Сатаев пен оның екінші әйелі Альмира Тұрсын қызды болды, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы өнер иелері желідегі парақшасында жазды.

««Алла Тағаланың қалауымен, қызым дүниеге келді. Айя-Сафия қош келдің, бақытты бол!», — деп жазды ол.»

Сатаевтың екінші әйелі де сүйінші хабарын жариялап, перзентханадан суреттерін жүктеді.

««Менің арманым, менің дұғам, Жаратқанның сыйы. Аллаға сансыз шүкір», — деді Альмира Тұрсын.»

Көпшілік өнерлі отбасыны құттықтап, тілектерін жаудыруда.

Айта кетейік, режиссер 5 баланың әкесі. Бүгінде ол алтыншы рет әке атанды.