Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жазда Парламент сайлауы өтетінін және 15 наурыз Конституция күні болып белгіленетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең үздік конституциялардың бірі екенін атап өтті.

««Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді. Бұл – еліміздің басты құжаты. Мен басқа да мемлекеттердің конституцияларымен танысып шықтым. Біздің Конституциямыз ең үздік Ата заңдардың қатарында тұрады деп сеніммен айта аламын», – деді Мемлекет басшысы.»

Сонымен қатар президент алдағы саяси науқанды бүкіл ел болып атқаруға шақырып, оның жаңа құрамына қатысты өз ойын білдірді.

««Оны бір ел болып атқаруымыз керек. Бұл жастардың парламенті болуы қажет деп ойлаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.»