Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қызметкерлердің құқығын қорғауға және еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған жаңа заңға қол қойды, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.

Енді жұмыс берушілерге қызметкермен еңбек шартының орнына азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт жасасуға тыйым салынады. Егер адам нақты бір мекемеде тұрақты жұмыс істеп жатса, онымен міндетті түрде ресми еңбек шарты жасалуы тиіс.

Сонымен қатар, заңда бір мамандық иелерінің ең жоғары және ең төменгі жалақысы арасындағы айырмашылықты реттейтін норма енгізілді. Бұл өзгеріс бір ұйымдағы әріптестер арасындағы жалақы теңсіздігін азайтуды көздейді.