Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15 наурыздағы референдумда қабылданған жаңа Конституцияны іске асыруды жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.
Ақордада өткен кеңеске Парламент палаталарының төрағалары, Премьер-министр, Мемлекеттік кеңесші және басқа да лауазымды тұлғалар қатысты. Президент осыған қатысты арнайы Жарлыққа қол қойғанын мәлімдеді.
Мемлекет басшысының айтуынша, алдағы басты міндет – қолданыстағы заңдар мен құқықтық актілерді жаңартылған Конституцияға толық сәйкестендіру.
Бұл үшін алты конституциялық заң мен тағы үш заңнамалық актіге түзетулер енгізу қажет. Тоқаев бұл жұмысты Парламенттің қазіргі сессиясы аяқталғанға дейін аяқтау керектігін қадап айтты.
«Мемлекет басшысы заңдарды сапалы әрі уақтылы әзірлеп, қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ Үкімет заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерді кешіктірмей түзеуге тиіс.»
—
