Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамп ұйымдастырған Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысып, бұл бастаманы тарихи оқиға деп бағалады, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы жиынды ұйымдастырғаны үшін Дональд Трампқа алғысын білдіріп, кеңестің маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, бұл жай ғана қарар қабылдайтын конференция емес, нақты іс-әрекеттер арқылы бейбітшілік орнатуға бағытталған жиын.

«– Дональд Трамп атындағы Бейбітшілік институтында өтіп жатқан кездесуіміз батыл әрі прагматикалық әрекеттер шешуші рөл атқаратын кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр. Президент мырза, Сіздің жаһандағы бейбітшілік пен тұрақтылықты ілгерілетуді көздейтін айқын мұратыңыз бен көреген қадамдарыңыз еліміздің Бейбітшілік кеңесіне қосылуына түрткі болды.»

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесі көпжақты күш-жігердің әлеуетін арттыратын, заман талабына сай бірегей ұйым екенін атап өтті.

«– Әлемде мұндай бастама көтерілген жоқ. Расында, бұл бұрын-соңды болмаған бетбұрыс. Өйткені бірге күш-жігер жұмылдырудың арқасында «Жасампаздық арқылы бейбітшілік» атты жаңашыл тұжырымдаманы іске асыруға барлық мүмкіндік бар. Сондықтан, Президент мырза, Сіздің нақты іс-әрекет қана бейбітшілікке берік негіз қалайды деген ұстанымыңызды толық құптаймын, – деді Мемлекет басшысы.»