Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтап, жақын арада кітап оқуды насихаттау туралы арнайы жарлыққа қол қоятынын айтты, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының айтуынша, цифрландыру дәуіріне қарамастан, кітаптар адамның рухани әлемін байытатын сенімді құрал болып қала береді. Ол соңғы кездері жастар арасында да кітап оқуға деген қызығушылықтың қайта артқанын жеткізді.

««Жасанды интеллект заманында да кітап оқу мәдениеті ұлтымыздың мінез-құлық кодының ажырамас бір бөлігі болып қала беруі керек», – деді президент.»

Сондай-ақ Тоқаев алдағы екі апта ішінде «оқитын, зияткер ұлтты» қалыптастыруға бағытталған маңызды жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді.