Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.

Президент Наурыз тазару мен жаңару уақыты екенін, ал тазалық ең алдымен ой, сана және ниет тазалығын білдіретінін атап өтті.

Ол осыдан екі жыл бұрын басталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына тоқталып, оның халықтың, әсіресе жастардың жаппай қолдауына ие болғанын жеткізді.

««Жалпы, «Таза Қазақстан» бастамасы – жай ғана кезекті саяси науқан немесе үгіт-насихат емес, бұл – мемлекетіміздің мызғымас идеологиясы. Сондықтан осы игі іспен біз жыл бойы айналысуымыз керек, бұл ұлт болмысының ажырамас бөлігі болуға тиіс», – деді Мемлекет басшысы.»

Президент Ұлыстың ұлы күнінде айтылған тілектің мән-мағынасы айрықша екенін айтып, елімізге амандық пен тыныштық тіледі.

««Қасиетті Отанымыз – Қазақстан Республикасы мәңгі жасасын! Ата заңымыз өз тұғырынан түспесін! Туымыз биікте желбіресін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Еліміздің төрт құбыласы түгел болсын!», – деп сөзін қорытындылады Тоқаев.»