Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ірі банктердің бірыңғай QR-төлем жүйесіне қосылуды созып отырғанын қатаң сынға алды, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы бұл туралы Digital Qazaqstan жобасын жүзеге асыруға арналған жұмыс кеңесінде мәлімдеді. Ол Ұлттық банктің оның тапсырмасы бойынша банктер арасында QR-төлемдер мен аударымдар жасайтын цифрлық инфрақұрылымды іске қосқанын еске салды.

«Бұл жүйе төлем делдалдарының санын азайту арқылы шығындарды едәуір қысқартады. Барлық банктердің осы инфрақұрылымға қосылу міндеті заңмен бекітілген. Алайда, ең ірі банктер бұл талапты орындауды кешіктіріп отыр, – деді мемлекет басшысы.»