Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда Америка Құрама Штаттарында тұрып, білім алып жатқан отандастарымызбен кездесу өткізді, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы өскелең ұрпаққа зор үміт артатынын, ал мемлекет жастардың жан-жақты дамуы мен қабілетін шыңдау үшін барлық жағдайды жасайтынын атап өтті.

«Президент жаңа Конституция жобасы бойынша өтетін жалпыхалықтық референдумның ел болашағы үшін тарихи маңызы зор екенін ерекше атап өтті.»

Кездесуге жиналған студенттер мен жас ғалымдар ғылым мен білім саласына көрсетіліп жатқан қолдау үшін Президентке алғыстарын білдірді.