Түрікменстандағы «Аваза» туристік аймағында ТМД елдері көшбасшыларының саммиті басталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Саммитке ТМД елдерінің басшылары, оның ішінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин қатысты. Кейін келіссөздер кеңейтілген құрамда жалғасады.
Оған ТМД тарихында алғаш рет Иран президенті Масуд Пезешкиан қатысады.
Тоқаев ТМД басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін «Аваза» кешеніне барды. Бұл шара 11:10-да басталды.
