ТМД елдері нацистер мен олардың серіктестерінің бейбіт тұрғындарды қудалауы мен қырып-жоюын Кеңес Одағы халықтарына қарсы геноцид деп санауға шақырды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы Түрікменстандағы саммитте көшбасшылар қол қойған Достастықтың 35 жылдығына арналған мәлімдемеде айтылған.
Мәлімдемеде Ұлы Отан соғысындағы Жеңісті есте сақтаудың және тарихты бұрмалау мен нацизмді дәріптеуге қарсы тұрудың маңыздылығы да баса айтылды.
Мәлімдеменің тағы бір тармағы — БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқыққа негізделген Еуразияда жаңа қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыру.
Сонымен қатар ұйымға мүше елдер саяси, экономикалық, технологиялық және мәдени байланыстарды нығайтуға ниетті.
Бұған дейін ТМД елдері 2028 жылды Әлеуметтік даму және өмір сапасы жылы деп жариялағаны хабарланған болатын.
