ТМД елдерінің басшылары ортақ тарихты сақтау қажеттігі туралы қарар қабылдайды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин ТМД елдері басшыларының шағын құрамдағы кездесуінде мәлімдеді. Ол өз сөзінде: "ТМД елдерінің ортақ тарихты қорғау және оны бұрмалауға жол бермеу бағытындағы бірлескен күш-жігері қаншалықты маңызды екенін айттым. Жастар Кеңес Одағы кезіндегі халықтарымыздың жетістіктері, Ұлы Отан соғысы жылдарында әкелеріміз бен аталарымыздың көрсеткен ерлік істері туралы шындықты білуі керек", – деп атап өтті Ресей басшысы.
Оның айтуынша, бүгін қабылданатын тарихи жадты сақтау қажеттігі туралы қарар осы мақсатқа ықпал етеді. Владимир Путин сондай-ақ кейбір ұлттық шектеулерді алып тастау ТМД елдеріне әлдеқайда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретінін айтты.
Ресей президентінің мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Ресей мен достастықтың басқа елдері арасындағы тауар айналымы 110 миллиард доллардан асты. Ал биылғы жылдың алғашқы жартысында бұл көрсеткіш тағы 19%-ға өскен.
"Бұдан да жылдам ілгерілеуге бола ма? Өзіміз даму қарқынын әдейі тежеп отырмыз", – деді Путин шағын құрамдағы кездесу барысында.
ТМД мемлекеттері басшыларының саммиті Түрікменстанның "Аваза" ұлттық туристік аймағында өтіп жатыр. Сондай-ақ Тоқаев ТМД басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін "Аваза" кешеніне барды.
