Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жиын қорытындысы бойынша ТМД қызметіне және Ұйымға мүше елдердің өзара ықпалдастығына қатысты бірқатар құжатқа қол қойылды.
"Достастыққа мүше елдер басшыларының шешімі бойынша 2028 жыл Әлеуметтік даму және өмір сапасы жылы, ал 2029 жыл ТМД аясындағы көлік байланысы жылы болып жарияланды", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар Тоқаев ТМД-ның болашағын айқындауды ұсынды.
