Құрылтай сайлауынан кейін Тимур Сүлейменов Ұлттық банктің төрағасы лауазымына қайта тағайындалды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы лауазымына болып тағайындалды», - деп жазылған Ақорда хабарламасында.

Тимур Сүлейменов туралы не білеміз

Тимур Сүлейменов 1978 жылы 5 сәуірде дүниеге келген. 2000 жылы Павлодар мемлекеттік университетін бітіріп, 2002 жылы «Болашақ» бағдарламасымен Мэриленд университетінде іскерлік әкімшілендіру магистрі мамандығы бойынша білім алған.

Әр жылдары экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, экономикалық даму және сауда вице-министрі, ұлттық экономика министрі, Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2019 жылғы наурызда президенттің көмекшісі қызметіне тағайындалды.

Сол жылы шілде айында президент әкімшілігі басшысының орынбасары болды.

Ал 2022 жылғы қаңтардан 2023 жылдың тамызына дейін президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған. 2023 жылдың қыркүйегінде ұлттық банк төрағасы болып тағайындалды.