«Теңізшевройл» компаниясы 2026 жылдың қорытындысы бойынша 40 млн тоннаға дейін мұнай өндіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Салыстырмалы түрде айтсақ, 2025 жылы компания 39 миллион тоннаға дейін мұнай өндірді. Бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 40%-ға жоғары. «Теңіз кен орнын кеңейтудің ең ірі кезеңі аяқталғаннан кейін ТШО жобалық өндірістік қуатына шықты. Тәуліктік мұнай өндіру көлемі шамамен 120 мың тоннаға жетті. Компания 2026 жылдың қорытындысы бойынша 40 млн тоннаға дейін мұнай өндіруді жоспарлап отыр», - деп жазылған хабарламада.

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында ТШО 16,6 млн тонна мұнай өндірді. ТШО жобасы тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі инвестициялық жобалардың бірі саналады. Жоба бойынша келісімге 1993 жылы қол қойылды. Осы уақыт ішінде кен орнында көмірсутектерді өндіру, дайындау және өңдеу бойынша заманауи нысандарды қамтитын ірі өндірістік кешен қалыптастырылды.