Қазан айының қорытындысы бойынша ұлттық валюта бағамы 3%-ға төмендеп, 1 АҚШ доллары үшін 453,77 теңгені құрады, деп хабарлады Ұлттық банк. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 474 млн АҚШ долларынан 397 млн АҚШ долларына дейін төмендеді. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 8,4 млрд АҚШ долларын құрады.

Үкіметтің қаржыландыруға қатысты өтінімдерін орындау үшін Ұлттық банк Ұлттық қордан 910 млн АҚШ долларын сатып алды. Бұл көлем нарық конъюнктурасы ескеріле отырып, Ұлттық қордың операцияларын теңестіру аясында ішкі валюта нарығында сатылады.

«Бұл шара теңге бағамының нақты экономикалық жағдайға сай қалыптасуына ықпал етіп, алыпсатарлық сипаттағы күрт ауытқуларға жол бермеуге бағытталған», – деп хабарлады ұлттық реттеуші.

Сонымен қатар қазан айында Ұлттық банк валюталық интервенциялар жүргізген жоқ.

Зейнетақы активтерінің валюталық үлесін сақтау үшін Ұлттық банк қазан айында биржалық сауда-саттықта жалпы сомасы 568 млн АҚШ долларын құрайтын шетел валютасын сатып алды. Бұл жалпы сауда-саттық көлемінің шамамен 7%-ын құрады.