Қарағанды облысы Теміртау қаласында таныстар арасындағы жанжал адам өлімімен аяқталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға Металлургтер даңғылындағы жеке пәтерлердің бірінде болған. Қонаққа барған ер адам үй иесін пышақтаған. Алған жарақатынан 33 жастағы ер адам көз жұмды.
Полиция қылмыстық іс қозғады. 37 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Қарағанды облысының полиция департаментінің мәліметінше: "Таныстар арасында жанжал туындаған. Жанжал кезінде 33 жастағы пәтер иесіне пышақ жарақатын салған, ол оқиға орнында алған дене жарақатынан көз жұмды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр".
