Теміртауда пәтерден ер адам мен әйелдің мәйіті табылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағанды облысының полиция департаментінің мәліметінше, оларды өлтірді деген күдікпен марқұмдардың 20 жастағы ұлы ұсталды.

7 қазанда Теміртау қаласындағы Республика даңғылында орналасқан пәтерлердің бірінен 52 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйелдің мәйіті табылған.

«Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен марқұмдардың 20 жастағы ұлын анықтап, ұстады.

«Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.