Теміртау маңындағы тас жолда шошқа тиелген жүк көлігі аударылып, мал жол бойына тарап кетті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Әлеуметтік желілерде Теміртауға жақын жердегі тас жолда шошқа тиелген жүк көлігінің аударылғаны туралы бейнежазбалар тарады. Оқиғаны Қарағанды облысының полиция департаменті түсіндірді.
Бейнежазбада жануарлардың көбі зардап шекпегені көрінеді. Олар кузовтан шығып, тас жолдың жанындағы шөпке тарап кеткен. Фураның алдыңғы әйнегі жарылған.
Instagram-дағы жарияланымды қарау
Теміртау | Қазақстан 🇰🇿 (@temirtau.city) жариялаған жарияланым
Полиция департаментінің алдын ала деректері бойынша, оқиға 19 қыркүйекте таңертең «Астана – Қарағанды» автожолының 188-шақырымында, Теміртау путепроводының маңында болған. 39 жастағы «Scania» жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылып қалған. Ер адам Көкшетаудан Ташкентке 193 жануар тасымалдап бара жатқан.
«Жол-көлік оқиғасының салдарынан жануарлар жүріс бөлігінен тыс жерге шығып, далалық аймақта орналасқан. Адамдар арасында зардап шеккендер жоқ», — деп атап өтті полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Пікірлерде қолданушылар жолбарыстың осы жерге жақын маңда жіберілгенін еске алып, жануарлар үшін материалдық жауапкершілік арқалайтын жүргізушіге қайғырады. Біреулер апат орнының жанында шашлычная ашуға әзілдеп ұсыныс жасайды.
Бұған дейін Kursiv LifeStyle АҚШ-та ірімшік шариктары тиелген жүк көлігі аударылып, жолды басып қалғанын жазған.
