Қазақ телевизиясының дамуына өзіндік үлес қосқан белгілі тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасар 75 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, Тілеуқабыл Мыңжасардың журналистика саласындағы еңбегі, кәсіби шеберлігі мен отандық телевизияға қосқан үлесі әріптестері мен көпшіліктің жадында мәңгі сақталады.
Тілеуқабыл Мыңжасар ұзақ жылдар бойы "Хабар" агенттігінің Алматы облысындағы тілшісі болып, өңірдегі маңызды жаңалықтар мен өзекті мәселелерді халыққа жедел әрі сапалы жеткізді. Ол жоғары кәсібилігі мен азаматтық ұстанымы арқылы талай әріптесіне үлгі болды, артында көптеген дарынды шәкірті қалды.
