Текеліде 35 жастағы көпбалалы ана күйеуін орындықпен тұншықтырып өлтірді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 17 маусым күні кешке болған. 35 жастағы әйел үш баласымен бірге тұрған. Ол күйеуімен жанжалдасып, оны орындықпен ұрып, тұншықтырып өлтірген. Көршілер полицияны шақырған. Күдікті ұсталып, тергеу басталды.

Әйелдің айтуынша, күйеуі үнемі маскүнемдікке салынып, отбасына зорлық көрсеткен. Ол бірнеше рет полицияға арызданған, бірақ шара қолданылмаған. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.