Текелі қаласында экскаватор мектеп оқушысын басып кетті. Жасөспірім оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желіде тараған видеода үш адамның жол қиылысында тұрғаны анық көрінеді. Оның артынан рюкзак асынған қыз ілескен. Сол кезде оны шөміші бар экскаватор екі доңғалағымен басып өткен. Үшінші адам жолдан өтіп үлгермеді.

Жетісу облыстық полиция ұсынған ақпаратқа сәйкес, адам өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Volvo маркалы экскаватордың жүргізушісі қиылыста жаяу жүргіншілер жолағында кәмелет жасқа толмаған қызды басып кеткен. Техника жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды», — дейді полицейлер.

Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталады.